2015 жылғы 8 мамыр, Астана қаласы
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 мамырдағы №441 бұйрығымен бекітілген
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу»
электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға Уәкілетті органның келісуі» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім-хат не беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап.
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің іс-әрекетінің тәртібі
1. Электрондық мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 238 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №11100 тіркелген) «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға Уәкілетті органның келісуі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық әрекеті және шешімдері (көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың № 1, 2 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген:
1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуі үшін «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен паролді (авторизациялау процесі) теру;
2) 1-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркелген көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері туралы деректердің түпнұсқалылығын логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;
4) 3-процесс - көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау-салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің тұтынушының деректерін енгізуі;
4-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті өңдеу;
6) 2-шарт – электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдалана отырып құрылады;
7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама құрылады;
8) 6-процесс – ЭЦҚ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды растау (қол қою);
9) 7-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да келісім-хат (тұтынушы туралы мәліметтер) электрондық құжатты тіркеу;
10) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу (тұтынушы туралы мәліметтер);
11) 8-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тұтынушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы ақпаратты құру;
12) 9-процесс – ЭҮП қалыптасқан көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық тізілім) көрсетілетін қызметті берушінің алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдалана отырып құрылады.
3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс –қимыл жасасу) тәртібінің сипаттамасы
6. Қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:
1) ЭҮП; 3) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ;
2) ЭҮШ; 4) көрсетілетін қызметті беруші.
7. Әрбір іс-әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, іс-әрекеттердің (рәсімдер, функциялар, операциялар) мәтіндік кестелік дәйектілігінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі»
электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық әрекеті және шешімдері ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл жасасудың №1 диаграммасы
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі» электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Іс-қимылдардың (рәсімдердің, функциялардың, операциялардың) дәйектілігін мәтіндік кестелік сипаттау
1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-қимылдарын сипаттау
1 Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағыны-ның) № __ 1 2 3
2 ҚФБ
атауы Көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП Көрсетілетін қызметті беруші
3 Іс-қимылдың атауы
(операция процесінің, рәсімінің) және олардың сипаты Қызметкердің мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЭЦҚ арқылы «Е-лицензиялау»
МДБ АЖ-да авторизациялау процесі Көрсетілетін қызметті берушінің деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы хабарламаны құрады Электрондық түрде көрсетілетін қызметті таңдайды және тұтынушының деректерін құрады
4 Аяқталу нысаны
(деректер, құжат, ұйымдастыру-шылық-өкімдік шешім Логин және пароль арқылы тір-келген көрсетілетін қызметті беру-шінің қызметкері туралы дерек-тердің түпнұсқалығын «Е-лицен-зиялау» МДБ тексеріл-гені туралы хабарламаны бейнелеу Сұрау салып отырған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құру. Сәттті құрылған сұрау салу туралы хабарламаны бейнелейді
5 Орындау мерзімдері 10–15 сек 20 сек 1,5 мин
6 Келесі іс-қимылдың нөмірі Егер көрсетілетін қызметті берушінің деректерінде бұзушылықтар болса – 2;
егер авторизациялау сәтті өтсе – 3; – 4
жалғасы
4 5 6 7 8 9
Көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП Көрсетілетін қызметті беруші ЭҮП
ЭҮП ЭҮП
Сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ні таңдайды ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты бас тарту туралы хабарлама құрады ЭЦҚ арқылы сұрау салуды растайды (қол қояды) «Е-лицензиялау»
МДБ АЖ-да келісім-хат электрондық құжатты (тұтынушы туралы мәліметтер) тіркеу және сұрау салуды «Е-лицен-зиялау» МДБ АЖ-да өңдеу Тұтынушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты бас тарту туралы ақ-паратты «Е-лицен-зиялау» МДБ АЖ-да құру Элек-трондық тізілім (келісім-хат)
Сұрау салуды бағдарлау Сұрау салып отырған элек-трондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құру Сұрау салуды бағдарлау
Нөмірді бере отырып сұрау салуды тіркеу. Сұрау салып отырған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құру Элек-трондық тізілім
10–15 сек 10–15 сек 1,5 мин 1,5 мин 2 жұмыс күні 20 жұмыс күні
Егер ЭЦҚ-да қате болса – 7;
егер ЭЦҚ қатесіз болса – 8 - - Көрсетілетін қызметті берушінің тұтынушы-ның талаптарға сәйкестігін тексеру - 20 - –
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі» электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
«Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға уәкілетті органның келісуі»
(Мемлекетік көрсетілетін қызмет атауы)
Шартты белгілер
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11358 болып енгізілді.